Америка Ғасем Солеймани мен Абумаһди әл-Моһандесті шәһид етті
(last modified Sat, 04 Jan 2020 14:29:28 GMT )
Қаң 04, 2020 20:29 Asia/Almaty
  • Америка Ғасем Солеймани мен Абумаһди әл-Моһандесті шәһид етті

Америкалықтар 3 қаңтар, жұма күні таңертең қылмыстық әрекетті іске асырып, Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандесті өлтірді.


Бұл қылмыстың әсерлері мен салдарлары қандай болмақ?

Бірінші әсерінде бұл қылмыс Иран қоғамының бірлігі мен біртұтастығына себеп болды. Иран халқы сардар Ғасем  Солейманиді фракциядан тыс ұлттық тұлға санайды. Сондықтан халық пен жеке тұлғалар бірауыздан АҚШ-тың Ғасем Солейманиге жасаған террорын қылмыс деп атады. Бұл қылмыстың екінші әсері Ирак пен Иран арасындағы бірліктің нығаюынд. Америкалықтар өткен екі ай бойы Иран мен Ирак арасына қайшылық тудырып, алшақтатуға көп талпынды. Бірақ Ирак халқының шәһидтер Ғасем Солеймани мен Абумаһди әл-Моһандеспен қоштасу рәсіміне жаппай қатысуы америкалықтардың қылмысының Теһран мен Бағдад бірлігінің артуының көрінісі болды. Үшінші әсерінде Ирак халқының АҚШ-қа деген жиіркенішін арттырды. Шәһидтермен қоштасу рәсіміне қатысқан Ирак халқы бірауыздан "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатып, америкалық әскерилердің Ирактан шығуын талап етті. Төртінші әсерінде Иран халқының АҚШ жөніндегі пікірін өзгертті. Америка университеттерінің профессоры, Иран тақырыбы бойынша белгілі зерттеуші Ерванд Авраамян: "Ирандықтар осы кезге дейін АҚШ-ты бүлікші үкімет санады. Енді Ғасем Солейманидің террорынан кейін АҚШ-ты жеке тұлғаны өлтірген және бұл қылмысын өз шекараларының сыртында іске асырған лаңкес үкімет деп біледі",- деді.  Бесінші әсерінде қарсыласу ағымының өз орнын нығайту жігерін арттырды. Америкалықтар көптеген үгіт-насихаттарымен сардар Солейманиге жасаған террорды олар үшін  үлкен жеңіс деп көрсетуге талпынуда. Өйткені қарсыласу ағымының ең маңызды қолбасшыларының бірін өлтірді. Сардар Солеймани қарсыласу ағымының ең маңызды қолбасшыларының бірі және Ислам революциясы жетекшісі айтқандай "қарсыласудың халықаралық тұлғасы" болғанымен, АҚШ-тың қателігі қарсыласу ағымының жеке адаммен шектелмейтінін түсінбеуі болды. Алтыншы әсерінде бұл қылмыс америкалық әскерилердің Ирактан шығуына ұластыра алады. АҚШ Ирактың ұлттық егемендігін бұзып, сардар Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандесті шәһид етті. Сондықтан ирактық тұлғалар кешеден бері АҚШ-тың елдің егемендігін бұзғанын сан рет айыптады.