АҚШ Өкілдер палатасы Трамптың әскери өкілеттіктерін шектейтін қарар бекітті
(last modified Sat, 11 Jan 2020 03:11:29 GMT )
Қаң 11, 2020 09:11 Asia/Almaty
  • АҚШ Өкілдер палатасы Трамптың әскери өкілеттіктерін шектейтін қарар бекітті

АҚШ Президенті Дональд Трамптың сардар Солеймани мен оның қасындағы адамдарға лаңкестік шабуыл жасап, оларды шәһид еткеннен кейінгі Иранға қарсы соғысқұмар қоқан-лоққылары АҚШ Конгресінің алаңдаушылығын арттырып, демократ өкілдері Трамптың Иранға қарсы соғыс жариялау мүмкіндіктерін шектеу туралы шешім қабылдады.


 

АҚШ Өкілдер Палатасы бейсенбі күні кешке Дональд Трамптың соғыс саласында шешім қабылдау мүмкіндіктерін шектеу туралы қарар бекітті. Трамп бейсенбі күні республикашыл партия мүшелерінен бұл жобаға қарсы дауыс беруді талап еткен болатын. Бірақ Өкілдер палатасының өкілдері 224 оң, 194 қарсы дауыспен қарарды бекітті. Бұл қарар міндетті түрде іске асырылатын құжат емес. Осыған ұқсас қарарды АҚШ Сенатының демократ мүшесінің бірі де дайындады. Трамп Өкілдер палатасының оның әскери өкілеттіктерін шектеу туралы қарар бекітуіне реакция білдіріп: «Бұл шешім Иранға қарсы әскери әрекеттің егжей-тегжейі туралы ақпараттың сыртқа таралу мүмкіндігін арттырады»,- деді. Демократтар мен Трамптың әртүрлі мәселелерге байланысты қайшылықтары мен оның импичменті үдерісінің жалғасуына назар аударсақ, бұл қарардың бекітілуі Өкілдер палатасының Трампты әскери әрекет саласында шешім қабылдауының алдын алуы саналады. Трамп демократтардың аталмыш қарарды бекітуін оның импичменті үдерісімен байланыстырып, демократтар одан қорыққаннан әрекет жасап жатыр деген уәжденді. Демократ өкілдердің айтуынша, АҚШ үкімет басшылары сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекетті ақтау үшін 2002 жылы Иракқа қарсы соғыс ашуға берілген рұқсатқа сүйенді. Бұл басшылар: «Иракқа шабуыл жасаған кезде сардар Солеймани Иракта болғандықтан АҚШ үкіметі аталмыш рұқсатқа сүйеніп, оған қарсы  шабуыл жасай алады»,- деп жариялады. Сондықтан демократ өкілдер бұл дәлелдерді қабылдамай, 2002 жылғы рұқсаттың күшін жойып, Иранға қарсы әрбір әскери әрекетті Конгреспен ақылдасуға байланыстыратын заң бекітуге талпынуда.

АҚШ 3 қаңтар күні таңертең қылмыстық әрекетті іске асырып, Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олармен бірге болған басқа адамдарға Бағдад әуежайында ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасап өлтірді. Трамп баспасөз отырысында бұл әрекеттің оның тікелей бұйрығымен іске асырылғанын жариялады.

Трамп үкіметі: «Сардар Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет Ирактағы АҚШ мүдделері мен әскерилерін қорғау және әскери қақтығыстың алдын алу болды»,- деп уәжденді. Бірақ Вашингтон бұл салада ешбір құжат ұсына алмады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні Конгрестің Трамп үкіметінің уәждері туралы нақты мәлімет талап етуіне: «Бұл үкіметтің сардар Солейманидің АҚШ-тың дипломатиялық және әскери орталықтарына шабуыл жасауды көздегені және шабуылын қашан және қай жерде іске асыратынын дәлелдейтін ешбір мәліметі жоқ»,- деп мойындады. Олай болса, АҚШ үкіметі сардар Солеймани мен қасындағы адамдарға қарсы заңсыз шабуылын қай дәлелмен іске асырды деген сұрақ туындайды.