Трамп: АҚШ генерал Солейманиді 20 жыл бұрын өлтіруі керек еді
(last modified Tue, 14 Jan 2020 10:25:49 GMT )
Қаң 14, 2020 16:25 Asia/Almaty
  • Трамп: АҚШ генерал Солейманиді 20 жыл бұрын өлтіруі керек еді

АҚШ Президенті Трамп Бағдад әуежайындағы лаңкестік шабуылын ақтау үшін: «Генерал Солеймани жаман адам болды. Біз оны бұдан 20 жыл бұрын өлтіруіміз керек еді»,- деді.

Fax News телеарнасының мәліметінше, Дональд Трамп жаңа бір уәжінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді америкалықтар мен басқа көптеген адамдарды өлтірген жаман адам деп атап: «Оған қарсы лаңкестік әрекетті осыдан 20 жыл бұрын іске асыру керек еді»,- деді.

Трамп демократтардың оның шиеленіс тудыратын қылмысының салдарлары жөніндегі ескертулерін сардар Солейманиді қолдау санап: «Демократтардың генерал Солейманиді қорғауға талпынуы АҚШ үшін масқара»,- деді. Трамп бұдан бұрын сардар Солейманиді өлтіру бұйрығын ирандық генералдың «АҚШ-тың 4 елшілігіне шабуыл жасауды көздеуіне байланысты болды» деп ақтаған болатын. АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Трамптың бұл уәжін теріске шығарып, оны растайтын еш мәліметтің жоқтығын қуаттады.