Ресей еуропалықтардың «Ортақ қадам» бағдарламасына байланысты біржақты әрекетін сынады
(last modified Wed, 15 Jan 2020 14:53:37 GMT )
Қаң 15, 2020 20:53 Asia/Almaty
  • Ресей еуропалықтардың «Ортақ қадам» бағдарламасына байланысты біржақты әрекетін сынады

Еуроодақ пен Германия, Франция және Британиядан құрылған еуропалық үштік «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттерін орындамауына қарамастан, Иранның келісімдегі міндеттерін іске асырмауын сылтауратып, аталмыш халықаралық келісімді мүлдем тоқтату саласында маңызды қадам жасады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде еуропалық үш мемлекеттің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы мәселелерді шешу үшін «қайшылықтарды шешу механизмін» іске асыру шешіміне реакция білдіріп, олардан шиеленістің күшеюінің алдын алу үшін  қайшылықтарды шешу механизмін іске қосу шешімін қайта қарастырды талап етті. Германия, Франция және Британия 14 қаңтарда Брюссельде мәлімдеме жариялап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін белсенді етті. Бұл үш мемлекет өз мәлімдемесінде олардың мақсаты «Иранға қарсы санкцияларды жаңғырту емес, қайшылықтарды шешу және   ядролық мәселеге қатысты келісімді құтқару жолдарын іздестіру»  деп уәжденді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қайшылықтарды шешу механизмі жөнінде 36 және 37-ші баптарында айтылды. Бұл механизмнің іске қосылуы бірнеше айда Иранға қарсы халықаралық санкциялардың қайтып оралуына соқтыруы мүмкін. Бұл екі бап бойынша, «4+1» тобының бір мүшесі Иранды ядролық келісімге табанды емес деп айыптап, мәселені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясына тапсыруға шешім қабылдаса, Иранға қарсы тарапты, яғни үш еуропалық мемлекетті көндіруге 30 күн мұрсат беріледі. Егер олар көнбесе, Иранның ісі 5 күннің ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылады. Қауіпсіздік кеңесі шағым түскеннен кейін 30 күннің ішінде Иранға санкцияларды қайтару жөнінде дауыс береді. Егер бұл уақытта шешім қабылданбаса, БҰҰ-ның бұрынғы санкциялары өзінен-өзі қайтып оралады. Ресейдің көзқарасынша, негізінде келісімнің қазіргі жағдайға түсуіне  кінәлі еуропалықтардың бұл әрекеті дағдарысты шешуге көмектеспек түгілі, қазіргі дағдарысты күшейтуге себеп болады. Мәскеудің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты ұстанымы Иранның ұстанымдарына өте жақын. Ресей сан рет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорғау қажеттілігі мен аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін маңызды екенін, сондай-ақ келісімдегі құқықтар мен міндеттемелерде теңгерім орнатуды қуаттады. Еуропалықтар Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бес рет қысқартуын айыптап, Ираннан бұл үдерісті тоқтатып, бұрынғы жағдайға оралуды талап етті. Иран ұлттық мүдделері бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауды қабылдады. Бірақ оның бір мүшесі, нақты айтқанда  АҚШ одан шығып, санкцияларын қайтарған кезде қысымға түсіп, «4+1» тобының еуропалық мүшелерінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауды күтті.