Зариф: Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын мән-мазмұннан айырды
(last modified Thu, 16 Jan 2020 10:58:14 GMT )
Қаң 16, 2020 16:58 Asia/Almaty
  • Зариф: Еуропа

Иран Сыртқы істер министрі еуропалықтарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы уәждері үшін сынады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Twitter-дегі бірнеше жазбасында еуропалықтардың әрекетсіздігін қатаң сынап, олардың Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігі туралы уәждеріне күмән келтіріп: "Үш еуропалық ел өздерін 19 ғасырда өмір сүріп жатқандай сезінеді. Ол кезде олар басқа елдерге айтқанын істетіп, өтірік айтып, жауапкершіліктен қашып отырған",-деп жазды.

Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанын айтқан үш еуропалық елді масқаралап: "Иран мұнайы импортын тоқтату, ирандық банктерге санкция салу, SWIFT-ті жауып тастау, еуропалық компаниялардың Ираннан шығуы, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік сияқты санкциядан босатылған тауарларды сата алмау – осының барлығы еуропалықтардың ядролық келісімге берік болмағанын дәлелдейтін куәлер болып табылады",-деді.   

Зариф Twitter-дегі басқа бір жазбасында еуропалықтарға: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін іске қосты. Бұл келісімді мән-мазмұннан айырған Иран емес, Еуропаның өзі. АҚШ-тың осы бағдарламадан шыққанының өтемі былай тұрсын, өздеріңіздің міндеттемелеріңізді орындаңыздар",-деп жазды.