Пентагон Ауғанстанда құлаған ұшақ туралы мәлімет жариялаған жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i45282
Пентагон Ауғанстанда құлаған ұшақ туралы мәлімет таратудан бас тартты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 28, 2020 18:50 Asia/Almaty

Пентагон Ауғанстанда құлаған ұшақ туралы мәлімет таратудан бас тартты.

CNN ақпарат агенттігінің мәліметінше, Марк Эспер дүйсенбі күні Ауғанстанда америкалық ұшақтың құлау оқиғасының егжей-тегжейіне тоқталмай, бұл оқиғадан хабардар, бірақ  көбірек мәлімет бере алмайтынын мәлімдеді.

«Талибан» тобының баспасөз хатшысы Забихолла Моджаһед бұдан бұрын Ауғанстанның Ғазни провинциясында  америкалық лаңкестердің әскери ұшағы құлауының егжей-тегжейіне тоқталды. Талибандардың мәлімдемесінде бұл оқиға салдарынан ұшақтың жолаушылары, соның ішінде АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының бірқатар жоғары лауазымды офицерлерінің өлгенін, олардың мүрделерінің ұшақ сынықтары арасынан көрінетінін айтты.