Ұшақтың құлатылуы салдарынан ОББ жоғары лауазымды офицері өлді
(last modified Tue, 28 Jan 2020 16:03:57 GMT )
Қаң 28, 2020 22:03 Asia/Almaty
  • Ұшақтың құлатылуы салдарынан ОББ жоғары лауазымды офицері өлді

Ауғанстандағы АҚШ ұшағының құлатылуы салдарынан Орталық барлау басқармасының (ОББ) әрекеттерге жауапты офицері өлгені хабарланды.

Veterans Today аналитикалық хабар базасы Ресейдің қауіпсіздік көздеріне сүйеніп, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы лаңкестік әрекет жасау ісіне жауапты болған  Майкл Д'Андреаның ұшақ құлауы салдарынан өлгенін жазды.

Майкл Д'Андреа ОББ-ның Батыс Азия аймағындағы танымал өкілі және Ирак, Иран және Ауғанстандағы АҚШ барлау басқармасының әрекеттеріне жауапты болды. New York Times газеті 2017 жылдың маусым айындағы мақаласында Майкл Д'Андреа туралы жазған болатын. ОББ оған "аятолла Майк" және "қараңғылық ханзадасы" деген лақап аттар қойған.