Еуроодақ Ауғанстанға көмекті тоқтататынын ескертті
(last modified Tue, 28 Jan 2020 16:13:27 GMT )
Қаң 28, 2020 22:13 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Ауғанстанға көмекті тоқтататынын ескертті

Еуроодақтың Ауғанстандағы өкілі Twitter-де Кабул үкіметіне егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске айтарлықтай күш салмаса, халықаралық қауымдастықтың көмегі мен қолдауынан айырылатыны жөнінде ескерту жасады.

 

Еуроодақтың Кабулдағы өкілеттігі Ауғанстанның  әлемдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдер тізіміне кіретініне тоқталып, көмегін қысқартумен қорқытты. Еуроодақ The Transparency International ұйымының   сыбайлас жемқорлық жөніндегі 2019 жылдың есебі бойынша,  Ауғанстанның әлі де әлемдегі ең жемқор елдердің тізімінде екенін  жариялады. Жемқорлықпен күресуге және оның әлем бойынша деңгейін анықтауға бағытталған үкіметтік емес The Transparency International халықаралық ұйымының 23 қаңтарда шыққан есебі бойынша, Ауғанстан әлем бойынша экономикалық істерде сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары және экономикасы 173 орында орналасқан мемлекет. Аталмыш халықаралық ұйымның   есептері 2018 жылдан бері Ауғанстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүргізілмегенін көрсетті. Еуроодақтың Ауғанстандағы өкілеттігінің   бұл елдегі сыбайлас жемқорлық үдерісі жалғасатын болса, көмегін қысқартуы жөніндегі ескертуі бұл елдегі сыбайластық жемқорлықтың қомақты үлесі елді қайта құруға қатысатын шетелдік компанияларға тиесілі жағдайда айтылып отыр. Батыс ұйымдары да бұл мәселені мойындады.  АҚШ үкіметі басқаратын Ауғанстанды қайта құрумен айналысатын қоғамдық бақылау кеңсесінің мәліметінше, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз  ету  басты мәселе болмағандықтан жіберілген халықаралық қаржы көмегінің босқа кетуіне себеп болып жатыр. Ауғанстанды қайта құру жұмыстары басталғаннан бері халықаралық көмектердің 80 пайыздан астамы шетелдік, әсіресе америкалық ұйымдарға тапсырылды. Көмектердің босқа жұмсалғаны бұл ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықты көрсетеді. Ауғанстандағы сыбайлас жемқорлықты әртүрлі тұрғыдан зерттеу елдің үкіметтік органдарында   жемқорлық фактілерін көрсеткенімен, сыбайлас жемқорлықтың үлкен үлесінің шетелдік компанияларға тиесілігі екеніне немқұрайдылық танытылуда.  Ауғанстан халқы мен үкіметі Батыс мемлекеттерінен, нақты айтқанда АҚШ пен Еуропадан бұл елдегі сыбайлас жемқорлық туралы мәселені көтерудің орнына оның алдын алып, елді қайта құруға жіберілген қаржы көмектерді басты жобаларға пайдалануды талап  етуде.