Трамп "Ғасыр мәмілесі" жобасын таныстырды
АҚШ Президенті палестиналықтарға қарсы "Ғасыр мәмілесі" атты сионистік жобаны таныстырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бірге "Ғасыр мәмілесі" атты таңылған бітім жобасын таныстырды.
Трамп бірнеше сағат бұрын Ақ үйдегі бір баспасөз отырысында сөз сөйлеп, бұл жобаны Израиль үшін бейбітшілік жолындағы қадам деп сипаттап, жобаның экстремизммен күресуге көмектесетінін айтты.
Сионистік режимнің Премьер-министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасын таныстырудағы біржақты шарасына алғыс айтып, сионистік режим басқыншылығының жалғаса беретінін қуаттады.
Нетаньяху мыңдаған жазықсыз адамның өлтіріліп, палестиналық азаматтардың қоршауға алынғанына тоқталмастан: "Израиль құрылған күнінен бастап әрдайым палестиналықтар және араб көршілермен бейбіт өмір сүруді қалады",-деді.
Сионистік режим сотында жемқорлық туралы ісі қарастырылып жатқан Нетаньяху: "Ғасыр мәмілесі" жобасына сәйкес, Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын толық өз бақылауына алумен қоса, Палестина исламдық қозғалысын (Хамас) қарусыздандырып, Газа секторынан әскерилерді шығарады",-деді.