Қытай АҚШ-тың коронавирусқа қатысты үрей тудырып жатқанын сынады
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың коронавирус пайда болғалы бері үрей тудырумен айналысып жатқанын сынап: "Вашингтон Бейжіңге мүлде көмектескен жоқ",-деді.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хуа Чунин халықаралық қауымдастықтың осы вирустан туындаған жағдайға қатысты қисынды, салмақты әрі ғылымға сай жауап беріп, сын айтатынына үміт білдірді.
Бұдан бұрын АҚШ басшыларының коронавирусқа қатысты ұстанымдарына наразылық білдірген Қытай үкіметі Вашингтонның бұл аурумен күресуге көмектесу туралы ұсынысын қабылдамады.
АҚШ-тың Сауда министрі коронавирус таралуының америкалықтарға жұмыс пен капиталдың қайтып келуіне себеп болатынын айтқан.
Қытай Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні таңертең: "Тағы 56 адамның өлімін қосқанда, коронавирус құрбандарының саны 360 адамға жетті",-деп хабарлады.
Қытайдың Ухань қаласынан таралған коронавирусты осы күнге дейін шамамен 14 562 адам жұқтырған.