Трамптың Иранға қарсы лаңкестік әрекеттері заңмен қудаланады
Иран Сыртқы істер министрі: "Иран АҚШ-тың 3 лаңкестік әрекетін халықаралық сот пен құқықтық органдарда заңмен қудалайтын болады",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Ливанның Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: "Иран АҚШ Президентін халықаралық соттарда мемлекеттік және экономикалық лаңкестік жасады деген айыппен жауапкершілікке тартады",-деді.
АҚШ үкіметінің Иранға қатысты әрекеттері адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын елдің сұрқия келбетін әшкерелеумен қатар, бұл елдің қазіргі үкіметінің Иран халқымен жауластығының шарықтау шегіне жеткенін көрсетті.
АҚШ үкіметінің Иран халқымен дұшпандығы БҰҰ жарғысы мен халықаралық заңдардың бұзылуына себеп болды. Бұл Трамп үкіметінің өзіне бағынғысы келмейтін және тәуелсіз болып қалуды қалайтың халыққа қарсы лаңкестік әрекеттер жасауды күн тәртібіне қойғанын көрсетеді.
Адам құқығына құрметпен қарау, қажетті заттарға еркін қолжетімділік, өмір сүру және шешім қабылдауда тәуелсіз болу – халықаралық заңдардың басты принциптері. Барлық елдер бұл принциптерді құрметтеуі керек.
Ал бұл жағдайда Трамп үкіметі Ақ үйге келгеннен бері АҚШ үкіметінің Иран халқымен жауластығын бірнеше есе арттырып жіберді, тіпті Иранға қарсы санкцияларды қайтаруда дәрі-дәрмек пен азық-түлік санкцияларынан да бас тартпады.
Халықтың өмір сүру құқығына тікелей байланысты дәрі-дәрмек пен азық-түліктердің Иранға импортталуының алдын алу АҚШ-тың БҰҰ қарарлары мен халықаралық заңдарды ашық түрде бұзуы болып табылады.
Трамп үкіметінің Иран халқына қарсы шаралары тек экономикалық лаңкестікпен шектелмейді. АҚШ-тың қазіргі үкіметінің жауластығының шегінен шыққаны соншалықты, олар Иран халқының ұлттық қаһарманы әрі америкалық терроризммен күрестің шынайы қолбасшысын үшінші елде өлтірді.
Ирак жерінде қарсыласу қозғалысының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қастандық жасау басқыншылық әрекет, халықаралық заңдармен қорғалатын адам құқықтары мен күш қолдануға тыйым салу принципін бұзу болып табылады.
Америкалық теоретик Ноам Хомский АҚШ-тың сардар Солейманиді өлтіруінің құқықтық қыры туралы: "Сардар Солейманиге қастандық жасау – лаңкестік әрекет және халықаралық заңдарды бұзу болып табылады",-деді.
Осындай жағдайда АҚШ Президентін халықаралық инстанцияларда сотқа тарту – ИИР-ның заңды құқығы. Бұл халықаралық ұйымдардан Трамптың мемлекеттік терроризміне кесімді қатынас көрсетеді деп күтілуде. Халықаралық құқықтық ұйымдардың АҚШ-тың мемлекеттік терроризміне немқұрайлы қарауы әлем үшін қауіпті бастама болмақ. Бұл жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді.