Салехи: Иран өз қауіпсіздігін қорғауда аянып қалмайды
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Венада екі жылда бір рет өтетін үшінші ядролық қауіпсіздік отырысында: "Иран өз қауіпсіздігін қорғауда аянып қалмайды, күдікке бой алдырмайды",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи дүйсенбі күні осы отырыста "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауды ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі деп атап, Еуропаның осы келісім тараптарының бірі ретінде оны сақтауға және АҚШ-тың біржақты зорлықшыл саясаттарынан құтылуға міндетті екенін баса айтты.
Салехи АҚШ үкіметін қалыптасқан жағдайға жауапты деп атап, АҚШ пен басып алынған Палестина жеріндегі режимдердің жауапсыз әрі ақылға қонымсыз әрекеттерін айыптады.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Вашингтонның халықаралық сахнадағы қатынасын лаңкестік сипатта деп атап, бұл елдің Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге қастандық жасағанына тоқталып, Иранның кез келген басқыншылыққа қатаң жауап беретінін айтты.