Сионистік режим БҰҰ Адам құқығы кеңсесінің шешіміне дөрекі реакция көрсетті
(last modified Thu, 13 Feb 2020 07:12:35 GMT )
Ақп 13, 2020 13:12 Asia/Almaty
  • Сионистік режим БҰҰ Адам құқығы кеңсесінің шешіміне дөрекі реакция көрсетті

Сионистік режимнің Премьер-министрі БҰҰ Адам құқығы кеңсесінің осы режим қалашықтарымен сауда қатынасы бар компаниялардың қара тізімін жариялағанына реакциясында бұл халықаралық органға байкот жариялады.

Женевадағы БҰҰ Адам құқығы кеңсесі Иордан өзенінің батыс жағалауында басып алынған жерлерде салынған сионистік қалашықтармен сауда қатынасы бар 112 компанияны анықтап, БҰҰ-ның қара тізіміне енгізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні БҰҰ Адам құқығы кеңсесінің шарасын әсерсіз деп сипаттап: «Израиль осы кеңсеге қарсы қатаң шаралар қолданатын болады»,-деді.

Нетаньяху: «Бұл орган адам құқығы мәселелері бойынша әріптестік жасаудың орнына Израиль  туралы жағымсыз бейне таратуға тырысуда»,-деп уәж айтты.  

Тегтер