Зариф: АҚШ пен Израиль Батыс Азия аймағына қауіпсіздік әкелмейді
Иранның Сыртқы істер министрі: "Аймақ елдері АҚШ пен Израильдің Батыс Азия аймағына қауіпсіздік әкелмейтінін білуі керек",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін Германияға аттанған Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке BBC-дің халықаралық бөліміне берген сұхбатында Теһраның қауіпсіздік механизміне қол жеткізу үшін аймақ елдерімен әріптестік жасауға дайын екенін айтып: "Батыс Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы аймақ елдері тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс",-деді.
Зариф Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы күштерінің қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге қастандық жасалғаннан кейін Сауд Арабиясының Теһранмен келіссөз өткізуге әзірлігі туралы хат алғанына тоқталып: "Иран Сауд Арабиясының хатына оң жауап берді, бірақ бұдан кейін эр-Риядтан жауап алмады",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Теһранның көрші елдермен қайшылықта болуды қаламайтынын айтып: "Теһран көрші елдердің қауіпсіздігін өзінің қауіпсіздігі санайды, сондықтан көршілердің барлығымен келіссөз өткізуге дайын",-деді.