Мәскеуде суық қарумен шабуыл жасалды
(last modified Sun, 16 Feb 2020 14:17:07 GMT )
Ақп 16, 2020 20:17 Asia/Almaty
  • Мәскеуде суық қарумен шабуыл жасалды

Ресейдің астанасы Мәскеуде суық қарумен шабуыл жасалып, бірнеше адам жараланды.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Ішкі істер министрлігі: "Суық қарумен қаруланған бір ер адам жексенбі күні Мәскеудің "Әулие Николай" шіркеуінде халыққа шабуыл жасап, соның салдарынан бірнеше адам жараланды"-деп мәлімдеді.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы күнге дейін бұл шабуылда жараланған екі адам анықталған.

Ресей Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, халық полиция келмес бұрын шабуылдаушы адамды ұстады.

Мәскеудің басшылары бұл адамның кім екенін және қандай мақсатта шабуыл жасағанын айтпады.