Кабулда Иран мен Ауғанстаның ортақ сауда көрмесі өз жұмысын бастады
(last modified Wed, 19 Feb 2020 08:53:19 GMT )
Ақп 19, 2020 14:53 Asia/Almaty
  • Кабулда Иран мен Ауғанстаның ортақ сауда көрмесі өз жұмысын бастады

Сейсенбі күні Кабулда ИИР-ның өнімдеріне арналған 60 және Ауғанстан өнімдерінің 25 стенді қатысып отырған сегізінші бірлескен Иран-Ауғанстан көрмесі өз жұмысын бастады.

 

Бұл көрмеге ирандық танымал компаниялар құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, тұрмыстық техника, косметика, гигиена, жуу құралдары, медициналық және фармацевтикалық жабдықтар және өнеркәсіп пен кен салаларындағы жаңа өнімдерін ұсынды. Осы кезде Иран мен Ауғанстан арасындағы экономикалық айналым жыл сайын 3 млрд доллардан асады.