Өзбекстанда 21 адам экстремизм айыбымен қамауға алынды
https://itolqyn.com/news/world-i45607
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында 21 адам лаңкестік әрекеттер жасауға үйретті деген күдікпен қамауға алынды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 20, 2020 19:28 Asia/Almaty
  • Өзбекстанда 21 адам экстремизм айыбымен қамауға алынды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында 21 адам лаңкестік әрекеттер жасауға үйретті деген күдікпен қамауға алынды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл адамдар экстремизм мен тәкфирлік топтарға жақтасты деп айыпталып отыр.

Қамауға алынғандар Сирияда "Катиба ат-Таухид валь-Джихад" лаңкестік тобының құрамында әрекет еткен Шадибековтың қарамағында болған деседі.

Өзбекстан Жоғары сотының үкімі бойынша, 2016 жылдың 26 қыркүйегінен бастап "Катиба ат-Таухид валь-Джихад" лаңкестік тобы халықаралық лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізілді.