Hill News: Израиль сардар Солейманиге қарсы террорға қатысты
АҚШ Конгресінің қарамағындағы Hill News базасы бейсенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиге қарсы террорға сионистік режимнің қатысы болуын растады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Hill News: «Сионистік режим сардар Солеймани мен қасындағы адамдарға қарсы лаңкестік әрекет жөнінде хабардар болды»,- деп жарияланды.
2020 жылдың 3 қаңтарында сардар Солеймани мен бірқатар майдандастары Бағдадтың әуежайына жақын жерде америкалық күштердің шабуылының салдарынан шәһид болды.