АҚШ Иранмен қатынас орнатқан әртүрлі елдердегі 13 адам мен ұйымдарына санкция енгізді
(last modified Wed, 26 Feb 2020 13:14:48 GMT )
Ақп 26, 2020 19:14 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранмен қатынас орнатқан әртүрлі елдердегі 13 адам  мен ұйымдарына санкция енгізді

АҚШ Иранның зымырандық бағдарламасын сылтауратып, Ресей, Қытай, Ирак және Түркиядағы 13 адам мен ұйымға санкция енгізді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбі күні өз мәлімдемесінде Вашингтонның Иранның зымырандық бағдарламасын  қолдауына байланысты Ресей, Қытай, Ирак және Түркиядағы 13 адам мен ұйымға санкция енгізгенін жариялады. Помпео: «Бұл санкциялар «Иран, Солтүстік Корея және Сирияға жаппай қырып-жоятын қару шығаруға себеп болатын технологиялар таратпау»  заң бойынша салынды»,- деп уәжденді.