Помпео сардар Солейманиге жасалған террорды ақтауға талпынды
(last modified Sat, 29 Feb 2020 09:37:42 GMT )
Ақп 29, 2020 15:37 Asia/Almaty
  • Помпео сардар Солейманиге жасалған  террорды ақтауға талпынды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы қайтадан негізсіз уәждерімен өз елінің сардар Солейманиді террор ету әскери қылмысын ақтауға талпынды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Майк Помпео жұма күні АҚШ Өкілдері палатасының сыртқы істер комитетін тыңдау отырысында Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Солейманиге жасаған лаңкестік әрекетті ақтау үшін: «Бұл әрекетпен аймақтағы америкалық күштердің қатері азайды»,- деп уәжденді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы өтіріктерін жалғастырып, Иранды терроризм және антисемитизмнің басты қолдаушысы деп атап: «Иран мен бұл елдің қарамағындағы топтар жүздеген америкалық әскерилердің Ирактағы өліміне жауапты»,- деді. Помпео Иранға қарсы қоқан-лоққыларын қайталап, бұл елге қарсы мейілінші қысым көрсетудін мақсаты  әрекеттерін өзгертуге бағындыру екенін қуаттады.

Дональд Трамп өткен айларда «мейілінші қысым көрсету» деп аталған саясатының  нәтижеге жетпеуіне және Иранның ішінде шиеленіс тудыра алмауына байланысты сынға түсті.