Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік келісіміне тек ауғандықтардың өзара диалогы арқылы қол жеткізіледі
Иран СІМ АҚШ пен Талибанның келісімге қол қойғанына реакциясында: «Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік келісіміне тек осы елдің саяси топтарының қатысуымен ауғандықтардың өзара диалогы арқылы ғана қол жеткізуге болады»,-деді.
Иран СІМ жексенбі күні мәлімдеме жасап: «Иран Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа көмектесетін кез-келген өзгерісті және бұл орайда ауғандардың басқаруымен жасалып жатқан барлық талпыныстарды қолдайды»,-деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдемеде шетелдік күштердің Ауғанстанда болуының заңсыз екені және елдегі соғыс пен тынышсыздықтың басты себептерінің бірі екені айтылып: «Бұл күштердің шығуы – Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатудың басты қажеттілігі. Шетелдік күштердің шығуына жағдай жасайтын кез-келген шара бұл елде бейбітшілік орнауына себеп болады»,-делінген.
ИИР СІМ мәлімдемесінің жалғасында: «АҚШ-тың шаралары Ауғанстанда өз күштерінің болуына заңдылық беруге талпыныс болып отыр. Вашингтонның Ауғанстанның болашағына қатысты шешім қабылдауға немесе бейбіт келісімге қол қоюға ешқандай құқығы жоқ»,-делінген.