Иран Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтарды айыптады
Иран Сыртқы істер министрі Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтарды айыптап, Иранның ғасырлар бойы Үндістанға дос мемлекет болғанын қуаттады.
Үндістанда азаматтық заңға өзгеріс енгізу жобаның бекітілуінен кейін бұл елдің мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық артты. Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі кешке Twitter-дегі парақшасында, Үндістан басшыларынан бүкіл үнділіктердің тұрмысын қамтамасыз етуді және адам өлтіруді жалғастыруға рұқсат етпеуді сұрады. Зариф: «Алға ілгерлеу диалог пен заңдылыққа негізделуі керек»,- деді.
Бұдан бұрын Әлемдік Аһле әл-Бейт ұйымы мен Мұсылман ұстаздар халықаралық қауымдастығы мәлідеме шығарып, Үндістандағы мұсылмандардың қырылуын айыптап, халықаралық және адам құқығы заңдарды бұзбай, Үндістан үкіметінің аз санды мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықтарды тоқтатуды талап етті.