Иран Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтарды айыптады
(last modified Tue, 03 Mar 2020 08:25:57 GMT )
Нау 03, 2020 14:25 Asia/Almaty
  • Иран Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтарды айыптады

Иран Сыртқы істер министрі Үндістан мұсылмандарына қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылықтарды айыптап, Иранның ғасырлар бойы Үндістанға дос мемлекет болғанын қуаттады.

Үндістанда азаматтық заңға өзгеріс енгізу жобаның бекітілуінен кейін бұл елдің мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық артты. Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі кешке Twitter-дегі парақшасында, Үндістан басшыларынан бүкіл үнділіктердің тұрмысын қамтамасыз етуді және адам өлтіруді жалғастыруға рұқсат етпеуді сұрады. Зариф: «Алға ілгерлеу диалог пен заңдылыққа негізделуі керек»,- деді.  

Бұдан бұрын Әлемдік Аһле әл-Бейт ұйымы мен Мұсылман ұстаздар халықаралық қауымдастығы мәлідеме шығарып,  Үндістандағы мұсылмандардың қырылуын айыптап, халықаралық және адам құқығы заңдарды бұзбай, Үндістан үкіметінің аз санды мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықтарды тоқтатуды талап етті.