Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа байланысты Иранға қарсы айыптарды қабылдамады
ДДСҰ Иранның коронавирус құрбандарының саның жасыруы жөніндегі уәждерді теріске шығарды.
ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дүйсенбі күні америкалық CNB ақпарат арнасына берген сұхбатында Иранның коронавирус құрбандарының саның жасыруы жөніндегі кейбір уәждерге реакция білдіріп, бұл ұйымның тәуелсіз бақылауларының бұл уәждерді растамайтынын қуаттады. ДДСҰ-ның бас директоры: «ДДСҰ ешбір дәлел немесе құжатсыз ешбір елді айыптамайды»,- деді.
Иранға қарсы үгіт-насихат жүргізу үшін ешбір сылтаудан айырылғысы келмейтін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 26 ақпанда: «Вашингтон Иран үкіметінің бұл елдегі коронавирусты таралуы туралы мәліметтерді жасыруына алаңдаушылық білдіруде»,- деп уәжденді.
Иранның Денсаулық сақту министрлігі күн сайын ресми баспасөз өткізіп, коронавирусқа шалдыққандардың, оның салдарынан өлгендердің және жазылғандардың саның жариялап отыр.