АҚХА Бас директоры Иранға қарсы уәжденді
https://itolqyn.com/news/world-i45767-АҚХА_Бас_директоры_Иранға_қарсы_уәжденді
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Ақ үйдің саясаттарын қолдап, Иранға қарсы уәжденіп, бұл елден ядролық бағдарламасы жөнінде түсініктеме беруді талап етті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 04, 2020 17:06 Asia/Almaty
  • АҚХА Бас директоры  Иранға қарсы уәжденді

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Ақ үйдің саясаттарын қолдап, Иранға қарсы уәжденіп, бұл елден ядролық бағдарламасы жөнінде түсініктеме беруді талап етті.

АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси сейсенбі күні Франция ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ешбір құжатсыз және Агенттіктің осыған дейінгі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуы туралы мәлімдемелеріне қайшы: «Ираннан Теһрандағы жарияланбаған нысандардың бірінде уран бөлшектерінің табылғаны жөнінде түсініктеме беру талап етілді»,- деді.

АҚХА де сейсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі жаңа есебінде: «Теһранның байытылған уран қоры «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген мөлшерден 5 есе асты»,- деп жариялады. Иранның ядролық жұмыстарына қарсы жаңа жанжалдар АҚХА өз есептерінде үнемі Иранның ядролық келісімге толық табанды екенін растаған жағдайда басталды.