Камалванди: АҚХА-ның заңсыз сұрақтарына жауап бермейміз
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі: «Иранда АҚХА-ның заңсыз әрі негізсіз сұрақтарына жауап бермеуге мықты дәлелдер бар»,-деді.
Бехруз Камалванди сәрсенбі күні АҚХА-ның Иранның ядролық жұмыстары туралы жаңа есебін сынап: «Агенттік сионистік режимнің тыңшылық уәждері негізінде Ираннан мағлұмат сұрап немесе талап ете алмайды»,-деді.
Камалванди АҚХА-ның Иранның ядролық жұмыстары туралы 16 есебінің Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін орындағанын көрсететінін айтып: «Иран АҚХА-ның халықаралық заңдарға қайшы немесе сионистік режимнің теріс уәждері негізіндегі сұрақтарына жауап беруге міндетті емес»,-деді.
Камалванди АҚХА-ның тергеу емес, бақылау органы екеніне тоқталып: «Агенттіктің мағлұмат талап етіп, нысандарға рұқсат сұрауында құқықтық негіз болуы керек»,-деді.