Помпео БҰҰ-на қоқан-лоққы көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i45810-Помпео_БҰҰ_на_қоқан_лоққы_көрсетті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Бас хатшысымен кездесуінде сионистік режимнің қалашықтар құрылысына белсенді қатысатын америкалық компанияларға зиян келтіретін кез келген әрекетке жауап қайтарылады деп қоқан-лоққы көрсетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2020 17:30 Asia/Almaty
  • Помпео БҰҰ-на қоқан-лоққы көрсетті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы БҰҰ Бас хатшысымен кездесуінде сионистік режимнің қалашықтар құрылысына белсенді қатысатын америкалық компанияларға зиян келтіретін кез келген әрекетке жауап қайтарылады деп қоқан-лоққы көрсетті.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагус БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Израильдің бақылауындағы жерлерде белсенді компаниялар туралы мәліметтерді таратып, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуына сүйеніп: «Вашингтон бұл салада БҰҰ басшыары және оның мүшелерімен келіссөздерін жалғастырады, бірақ оларға АҚШ-тың сауда қоғамына араласуға рұқсат етпейді»,- деді.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы сионистік режимнің заңсыз түрде қалашықтар құрылысына ынтымақтастық ететін америкалық компаниялардың тізімін басып шығарған болатын.

Израиль режимі АҚШ-тың қолдауымен сионистік қалашықтар құрылысымен айналысып, палестиналық аймақтардың географиялық құрылымын өзгертіп, бұл аймақтарда өз билігін орнатқысы келеді.