Иранның студенттік құрылымдары үнді мұсылмандардың өлтірілуін тоқтатуды талап етті
(last modified Mon, 09 Mar 2020 15:21:10 GMT )
Нау 09, 2020 21:21 Asia/Almaty
  • Иранның студенттік құрылымдары үнді мұсылмандардың өлтірілуін тоқтатуды талап етті

Иранның студенттік және халықтық ұйымдары мен құрылымдары үнді мұсылмандардың өлтірілуін айыптап, ақиқатты анықтаушы комитеттің құрылуын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның студенттік және халықтық ұйымдары мен құрылымдары жексенбі күні БҰҰ адам құқығының жоғары комиссары Мишель Бачелетке жазған хатында Үндістанның азаматтық заңына енгізілген өзгерістерге тоқталып: «Бұл заң Үндістандағы мазхабтарға дискриминация жасап, үнді мұсылмандарына көбірек қысым беруді көздейді»,-деді.

Иранның студенттік және халықтық ұйымдары мен құрылымдары: «Үндістанның азаматтық заңына өзгерістер енгізу экстремистік топтардың мұсылмандар мен олардың қасиетті жерлеріне қарсы ұйымдасқан бүлдіргі әрекеттер жасауына әкеліп соқтырды»,-деп қуаттады.  

Бұл хатта дағдарыстан шығу жолы кемсітушіліктен бас тарту, адам құқығы мен ар-ожданына құрмет көрсету деп аталып, үнді мұсылмандарына қарсы қатігездік және экстремистік әрекеттерді тез арада тоқтату сұралған.

Үндістан басшылары тарапынан жарияланған статистикалық мәлімет бойынша, өткен бір аптадағы қақтығыстарда 50-ге жуық адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды.