Ұлыбритания Иранға жөн көрсететін жағдайда емес
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ұлыбританияның Иранға жол көрсететін жағдайда еместігін айтып: «Үшінші елдердің араласуы әлемнің түкпір түкпірінде бейберекеттік пен тұрақсыздықтың артуына әкеліп соқтырады»,-деді.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Роб жуырда осы ел мен АҚШ-тың Батыс Азия аймағын тұрақсыздандырудағы бүлдіргі рөліне тоқталмастан, Иранды тұрақсыздық тудыру әрекеттерін жасады деп айыптап: «Лондон Иранға ядролық қаруға қол жеткізуге рұқсат бермейді»,-деді.
Сейіт Аббас Мусави сәрсенбі күні Доминик Роб сөздерінің жөнсіз әрі сындарсыз болғанын айтып: «ИИР саяси-қауіпсіздік және діни-ақлақтық қағидаларға сәйкес ешқашан ядролық қару жасауды көздемеді. Бұл жайлы талай рет мәлімдеді»,-деді.
Мусави Ұлыбританияның Йемен халқымен соғысып жатқан саудиялық басқыншы коалицияны қару-жарақтармен қамтамасыз етуде бүлдіргі рөл ойнағанын еске салып: «Кейбір елдер мыңдаған шақырым алыста жатса да, Батыс Азия елдерінің ішкі ісіне араласады»,-деді.