АҚШ Қаржы министрлігі Иранға салынған санкциялар туралы негізсіз уәждер айтты
(last modified Thu, 12 Mar 2020 11:43:10 GMT )
Нау 12, 2020 17:43 Asia/Almaty
  • АҚШ Қаржы министрлігі Иранға салынған санкциялар туралы негізсіз уәждер айтты

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні санкциялардың Иранға коронавируспен күресуге қажетті гуманитарлық көмектердің жеткізілуіне кедергі болмайтынын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұдан бұрын да Вашингтон Иранға салынған санкциялардың  гуманитарлық заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды қамтымайтынын айтты, бірақ іс жүзінде бұл уәждер негізсіз шықты.

АҚШ экономикалық лаңкестік арқылы Иран халқына ауыр қысым жасап, мұнай, өнеркәсіп, сауда, қаржы және банк салаларына санкция салып, іс жүзінде дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу жолдарын жапты, бірақ мұнымен бір мезгілде бір саяси-психологиялық ойын арқылы өзін Иран халқының жақтасы етіп көрсетуге тырысуда.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұдан бұрынырақ Twitter-дегі жеке парақшасында: «АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға коронавируспен күресуге қажетті көздерді суалту мақсатында заңсыз санкцияларды күшейтіп жатыр. Ал бұл кезде ирандық азаматтар коронавирустан көз жұмуда»,-деп жазды.