Коронавируспен күресіп жатқан Иранға АҚШ барынша қысым жасауда
(last modified Thu, 12 Mar 2020 16:06:43 GMT )
Нау 12, 2020 22:06 Asia/Almaty
  • Коронавируспен күресіп жатқан Иранға АҚШ барынша қысым жасауда

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Америкалық басшылардың Иранға дәрі-дәрмек жөнелту жолдарының ашықтығы туралы уәждері алдамшы»,-деді.

Аббас Мусави сәрсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында коронавируспен күресіп жатқан Иранға дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарды тасымалдау жолдарының ашықтығы туралы уәждерге реакциясында: «Иран қаржысы сақталған елдердің бірімен үш аптаға жуық сұхбаттастық, бірақ америкалықтар Иран қаражатының Швейцария желісіне келуіне рұқсат бермей отыр»,-деді.

Иранда коронавирус таралғанына байланысты АҚШ үкіметі Иранға Швейцария желісі арқылы дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар жіберу жолдарының ашық екенін айтты, бірақ іс жүзінде бұлай болмай шықты.

АҚШ іс жүзінде халықаралық хаттамалардағы, соның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзып, Иран халқына қарсы санкцияларды қайтарып, барынша қысымдар аясында Иранға азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар жіберілуіне кедергі жасады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирус таралған кезде Иранға көмек беру туралы уәж айтты. Бірақ АҚШ-тың «барынша қысым» саясатының негізгі мақсаты – бұл күндері коронавируспен күресіп жатқан Иран халқы.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы әлем елдерінің Иранға көмек жіберу шарты ретінде қос азаматтығы бар тұтқындарды босатуды сұраған. Бұл АҚШ-тың алдамшы жарнамалық әрекет жасап отырғанын көрсетеді. Олар тіпті коронавирусты Иран халқына қарсы барынша қысымды жалғастыруға мұрсат ретінде пайдаланып отыр.  

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани жуырда АҚШ-тың Иранға коронавируспен күресуге көмектесуге дайындығы туралы уәждеріне реакциясында: «АҚШ уәждерінің дұрыстығы тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өзінің заңды міндеттемелерін орындауымен тексеріледі»,-деді.

АҚШ үкіметінің саясаты, әсіресе Иран халқының өмірін нысанаға алуы адамзатқа қарсы қылмыс саналады. Басқа сөзбен айтқанда, дәріге санкция салушылар адам құқығын бұзып қана қоймайды, адамдарды да өлтіреді.  Иран  Сот органының адам құқығы штабының хатшысы Әли Бағери Канидың айтуынша, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бейбіт адамдарға қарсы қару ретінде пайдаланудың тек бір атауы бар, ол – адамзатқа қарсы қылмыс.

Қазір Иранның шекарасыз коронавируспен күресте алғы шепте тұрғаны бүкіл әлемге белгілі. Иран дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар саласындағы қиындықтарға қарамастан, коронавируспен күресіп, науқастарды емдеумен айналысып жатыр.