Қатар Иранға медициналық көмек жіберді
(last modified Sat, 14 Mar 2020 09:25:52 GMT )
Нау 14, 2020 15:25 Asia/Almaty
  • Қатар Иранға медициналық көмек жіберді

Қатардың Иранға коронавируспен күресу үшін жіберген медициналық көмектерінің бірінші партиясы Теһранға енді.

Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамд әр-Сани 26 ақпанда ИИР Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесіп, Қатар үкіметі мен халқының Иран үкіметі мен халқының коронавируспен күресуін қолдайтынын жариялап, Доханың бұл ауруға қарсыласу үшін Теһранмен ынтымақтастық ететінін жариялаған. Жұма күні кешке Қатардың медициналық көмектерінің 5 тоннадан астам бірінші партиясы Теһранға енді.

Сондай-ақ Қытайдың Шанхай қаласы Иран халқы үшін медициналық көмегінің төртінші партиясын Теһранға жіберді. «Mahan» компаниясының жүк тасымалдайтын ұшағымен жеткізілген екі тоннадан астам көмектің ішінде қытайлық компаниялар мен адамдар Иран халқының коронавируспен күресуіне арнаулы киім, маскалар, оксиметрия, қорғаныс көзілдірік, қолғаптар және дәрі-дәрмектер жіберді.