Армения сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыру мәселесін қайта қарастыруы керек
(last modified Mon, 16 Mar 2020 15:33:34 GMT )
Нау 16, 2020 21:33 Asia/Almaty
  • Армения сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыру мәселесін қайта қарастыруы керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы Армения үкіметінің Израильде қайта елшілік ашуға шешімін қабылдауын таңқаларлық шара деп атады.

Хусейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні араб және араб емес елдердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандыруға талпыныстарын айыптап, Армения үкіметінің өз шешімін қайта қарастырып, Палестинаның жапа шеккен халқына көмектесуге қажетті шара ойластыратынына үміт білдірді.

Амир Абдуллахиан: «Бұл шараның Палестина халқының мүддесіне қайшы екені және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне теріс әсер ететіні күмәнсіз»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Палестина интифазасын қолдау халықаралық конференциясының бас хатшысы, сондай-ақ, сионистердің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алған жерлерге қосуға әрекет етіп жатқанына тоқталып, оны аймақта текетірестердің күшейіп кетуіне себеп бола алатын агрессия деп атады.