АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары – мейілінше қысым көрсету саясатты жалғастыру
(last modified Wed, 18 Mar 2020 12:48:23 GMT )
Нау 18, 2020 18:48 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары – мейілінше қысым көрсету саясатты жалғастыру

Трамп үкіметі Иранға қарсы мейілінше қысым көрсету саясатты ұстанып, бұл салада 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы қатаң санкцияларын енгізді. Бұл санкцияларының нәтижесіз қалуына қарамастан, Вашингтон санкцияларын арттыруды көздеуде.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сейсенбі 17 наурызда Вашингтонның Иранға қарсы жаңа санкцияларын жариялады. Помпео: «АҚШ Қаржы министрлігі Оңтүстік Африка, Гонконг және Қытайдың 9 органы  және 3 ирандық азаматтына санкция салынған Иранның мұнай-химиялық өнідерін сату және сатып алу, олардың экспорты және маркетингімен айналасуы үшін санкция енгізді»,- деп хабарлады. Помпео сөзінің басқа бөлімінде АҚШ-тың Иран халқының тұрмыс жағдайын қиындату үшін көптеген талпыныс жасауына қарамастан, тағы да «қамқоршылығын» білдіріп: «Вашингтон коронавирусқа қарсы күресуге Иранға көмектесуге  дайын»,- деді. Вашингтон мейілінше қысым көрсеті саясатына сәйкес тарих бойындағы Иранға қарсы ең күшті санкцияларын енгізіп, Теһранды 2018 жылдың мамыр айында  Помпеомен жарияланған 12 баптан тұратын талаптарын орындауға мәжбүрлегісі келеді. Иран халқының бұл санкцияларға қарсы үлгі болатындай қарсыласуы Трамп үкіметін алаңдатып, Вашингтон Ислам революциясы Саұшылар корпусын лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізу, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Солейманиге террор жасау және Иранның жоғары лауазымды қайраткерлеріне санкция енгізу сынды түрткі әрекеттермен айналысуда.

Осы кезде Иранда коронавирустың таралған кезде, АҚШ бұл  жағдайды пайдаланып, Иранға қарсы психологиялық және үгіт-насихаттық соғыс жүргізуде. Трамп үкіметі Иран үкіметін коронавирусқа шалдыққандар мен оның салдарынан қаза тапқандардың саның дұрыс жариялмауымен айыптап, Теһранға бұл вируспен күресуге көмектесуге дайын екенін жариялады. Негізінде АҚШ үкіметі өткен айларда Иранға дәрі-дәрмек мен азық-түлік жіберетін компанияларға қысым көрсетіп, дағдарыс жағдайда бұл елге гуманитарлық көмек жіберудін алдын алуы үшін көптеген сындарға тап болды. Трамп үкіметі 2019 жылдың қазан айында мамандардың айтуынша, Иранға гуманитарлық көмек көрсететіндей әрекеттенді. АҚШ Қаржы министрлігі сол кезде Теһранды ақшы жылыстау тұрғысынан алаңдаушылық тудыратын елдер қатарына тіркеп, қаржы ұйымдарды Иранмен қаржы қатынас орнату үшін арнайы шаралар қарастыруға міндеттеді. Вашингтон Иранға шетелдерден медициналық  жабдықтар мен қару-жарақ сатып алуына кедергі жасап, тіпті Иран коронавируспен күресу үшін импортқа мұқтаж болып отырған қазіргі жағдайда тыйым салуын жалғастыруда.