АҚШ Иранға тағы санкция салды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы тағы 7 компанияны Вашингтонның Иранға қарсы біржақты санкцияларына немқұрайлы қарады деген сылтаумен санкция тізіміне енгізді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы сәрсенбі күні: «7 компания АҚШ-тың Иранның мұнай-химия өнеркәсібіне қарсы біржақты санкцияларын бұзғаны үшін Вашингтон үкіметінің жаңа санкцияларының нысанасына алынды»,-деп хабарлады.
Компаниялардың аттары мен АҚШ-тың санкциялық шараларының егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ.
АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Оңтүстік Африка республикасы, Гонконг пен Қытайда орналасқан 9 компания мен 3 ирандықты Ираннан мұнай-химия өнімдерін сатып алуға қатысты деген сылтаумен санкциялады.
Әртүрлі мемлекеттер, соның ішінде Ресей, Пәкістан, Қытай және әлем католиктерінің жетекшісі мен америкалық бейбіт белсенділер коронавируспен күрес жағдайында АҚШ-тың Иранға қарсы барлық санкцияларының шұғыл түрде жойылуын талап етті.