Коронавирустың АҚШ-та таралуының жаңа тұрғысы; ішкі қауіпсіздік дағдарысы
(last modified Sun, 22 Mar 2020 14:06:08 GMT )
Нау 22, 2020 20:06 Asia/Almaty
  • Коронавирустың АҚШ-та таралуының жаңа тұрғысы; ішкі қауіпсіздік дағдарысы

Коронавирустың әлемде, оның ішінде АҚШ-та таралуы бұрын-сонды болмаған жаңа дағдарыстарға әкелді. Осы кезде медициналық және экономикалық дағдарыстармен бірге АҚШ жаңа дағдарыспен бетпе-бет келді. Оны ішкі қауіпсіздік дағдарысы деп атауға болады.

 

АҚШ-тың Newsweek апталық басылымы бұл елдің қарулы күштерінің ықтималы азаматтық наразылықты тоқтатуға және дағдарыс күшейіп кетсе, жағдайды бақылауға қатысуға дайындалып жатқандығын жариялады. Осыған байланысты АҚШ армиясы  штаттың немесе федералды күштерді қолдану туралы шешім қабылдаудың әртүрлі аспектілерін қарастыруда. АҚШ ұлттық гвардиясының қолбасшысы генерал Джозеф Ленгейл «Бұл гвардияның он мыңдаған күшінің АҚШ-тың әртүрлі штаттарында коронавирустың таралуының алдын алуға көмектесу үшін  қолданылуы мүмкін»,- деді. АҚШ армиясының резервтік күштерінің құрамына кіретін 456000 әскериі бар ұлттық гвардияны  федералды пен штаттар үкіметі басқарады. Қазіргі уақытта АҚШ ұлттық гвардиясының күштері 27 штатта, соның ішінде Нью-Йорк пен Калифорния штаттарында қоғамдық орындарды тазарту және үйлерге азық-түлік жеткізуге көмектесу үшін билік органдарымен шақырылды. Коронаның таралуы АҚШ-тағы әлеуметтік тәртіпсіздіктер,  соның ішінде дүкендерді басып кіру ішкі тынышсыздықтардың күшеюіне себеп болды.  АҚШ-тағы қару-жараққа сұраныстың бұрын-соңды болмағандай өсуі америклықтардың COVID-19 ауруының таралуына алаңдаушылық білдіруінің белгісі. Қару-жарақ сататын дүкеннің иесі Марк Хаммес: «Адамдар үйде өздерін қорғау үшін жеңіл қару сатып алад»,- дейді. АҚШ азаматтары коронавирустың таралуы мен оның зардаптарына байланысты өздерін қауіп-қатерге тірелгендей сезінеді.  АҚШ коронавирусқа шалдыққандар санының артуы және оның бүкіл штаттарға таралуымен медицина мен экономикалық дағдарысқа тап болуымен қатар американдық   федералды үкіметтің коронавирус дағдарысын бақылауға қабілетсіздігінен туындаған қауіпсіздік дағдарысымен бетпе-бет келді деп айтуға болады.

13 наурызда Дональд Трамп АҚШ-тағы коронавирустың таралуына қарсыласу үшін төтенше жағдай жариялады.   Трамп үкіметінің коронавирусқа қарсы бағытталған жаңа шараларына қарамастан, бұл үкіметті сынаушылар  АҚШ президенті бұл бағытта көптеген шараларды қолданбады және коронавирус дағдарысын дұрыс түсінбейді деп санайды. АҚШ Конгресіне қарасты Hill журналы: «Трамптың АҚШ-тағы коронавирустың таралуына қатысты ұстанымы шынайылау болғанымен, оларды әліде жеткілікті емес»,- деп жазды. Бұл мәселе коронавирустың таралуына қарсы шаралардың тиімсіз және АҚШ-тағы дағдарыстың күшеюіне себеп болады.