Ирандық өнер иелері мен киношылардың әлем өнерпаздарына хаты дүние жүзіне таралды
(last modified Mon, 30 Mar 2020 13:02:43 GMT )
Нау 30, 2020 19:02 Asia/Almaty
  • Ирандық өнер иелері мен киношылардың әлем өнерпаздарына хаты дүние жүзіне таралды

Ирандық өнер иелері мен киношылардың әлем өнерпаздарына АҚШ-тың зұлым санкцияларына ұшыраған Ирандағы коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы хаты халықаралық ақпарат құралдарында кең түрде шағылыс тапты.


Sputnik ақпарат агенттігі ирандық өнер иелері мен киношылардың әлем өнерпаздарына жазған хатына сілтеме жасап: «Иран халқы қазір екі дағдарысқа ұшырап отыр. Ортақ дағдарыс – сіздер танитын коронавирус. Ал санкция дағдарысын ешқашан көрмегеніңіз жақсы»,-деп жазды.

Sputnik ақпарат агенттігі Иранның өнер иелеріне сілтеме жасап: «Біз, ирандық өнер қауымы үшін сіздердің, әлемнің өнер иелерінің коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы, вирус жұқтыру қаупі төніп тұрған балалар мен қарт адамдардың жағдайы, осы дағдарыстағы Иранның медициналық қоғамына тиіп жатқан зардап жайлы не ойлап, не айтып, не істеп жатқандарыңызды білу маңызды»,-деп жазды.

Жүздеген ирандық өнер адамы қол қойған хат ағылшын, француз, италия, қытай мен жапон тілдеріне аударылып, Италияның Corriere della Sera мен Mondo Times газеттерінің назарына ілінді.