Өзбекстан және Қазақстан бизнес секторлары өкілдерінің кеңесі өтті
Сәу 03, 2020 19:11 Asia/Almaty
Өзбекстан мен Қазақстанның Инвестициялар және сауда министрлігінің өкілдері екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің басшылары Қазақстаның Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаевпен өткен бейнеконференция барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың 10 айында 2 миллиард доллардан асты.
Тегтер