Тәжікстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Sat, 11 Apr 2020 08:26:55 GMT )
Сәу 11, 2020 14:26 Asia/Almaty
  • Тәжікстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Тәжікстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесіп, аймақта жағдайын талқылап, екіжақты ынтымақтастықты арттыру қажеттігін қуаттады

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жұма күні телефон арқылы сөйлесіп, екі ел мен аймақ ынтымақтастығының маңызды тұрғылары туралы пікір алмасты. Екі жақ Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың тұрақты дамуы, стратегиялық ынтымақтастық және бұл үдерісті жалғастыру мен коронавирусқа қарсы күресу үшін талпыныстарды арттырудың маңызын қуаттады. Эмомали Рахмон Қазақстанды Тәжікстанның маңызды сауда және эконмикалық серіктесі деп атап: «Екі ел бұрыннан достық қарым-қатынас жасап, әртүрлі салаларда бір-бірін қолдап келеді»,- деді.