Зариф пен Гутерриш телефон арқылы сөйлесті
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сенбі күнгі телефон арқылы сұхбатта Йемендегі соңғы өзгерістер және АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкциялары жайлы пікір алмасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл Зариф пен Гутерриштің осы айдағы телефон арқылы екінші сұхбат.
Зариф 12 наурыздағы бір хатында БҰҰ Бас хатшысына коронавируспен күресу үшін АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын жою қажеттігін айтты.
Әлемде таралып жатқан коронавируспен күресу қажеттігіне қарамастан, АҚШ бұрынғыдай кейбір елдерге, соның ішінде Иранға қарсы барынша қысым жасау саясаты аясында өзінің санкциялық қатынасын жалғастыруға табандылық танытып отыр.