Рим папасы Иранға қарсы санкцияларды жоюды сұрады
Әлем католиктерінің жетекшісі америкалық басшылармен телефон арқылы сұхбатта коронавирустың таралуына байланысты Иранға қарсы санкцияларды жоюды сұрады.
Press TV телеарнасының интернет сайты хабарлағандай, Ватиканның Сыртқы істер министрі Пьетро Паролин АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Келли Крафтпен телефон арқылы сұхбатта Вашингтонды Иранға қарсы санкцияларды жоюға шақырды.
Бұдан бұрын Ираның діни оқу орындарының басшысы аятолла Әлиреза Арафи Әлем католиктерінің жетекшісі Рим папасы Францискке жазған хатында коронавирустың таралуына байланысты барлық діндер мен ұлттарға жанашырлық білдіріп, бұл аурумен күресу үшін діни орталықтардың әріптесуі қажеттігін айтқан болатын.
Паролин аятолла Арафиге жауабында: «Рим папасы осы хаттың мәтінімен танысқаннан кейін Иран халқына рухани тілеулестік білдірді»,-деді.