ОПЕК+ мұнай өндірісін төмендету туралы қорытынды келісімге келді
(last modified Mon, 13 Apr 2020 14:09:36 GMT )
Сәу 13, 2020 20:09 Asia/Almaty
  • ОПЕК+ мұнай өндірісін төмендету туралы қорытынды келісімге келді

ОПЕК+ тобының 2020 жылдың наурыз айының басындағы Вена отырысы жеңіліс тауып, коронавирус әлемде жаппай таралып, мұнайға сұраныс қатты төмендегеннен кейін Ресей мен Сауд Арабиясы арасында мұнай бағасына қатысты басталған жанжал өткен 18 жылда мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейге төмендеп кетуіне себеп болды. Бұл мәселе өндіруші елдердің реакциясын тудырып, мұнай нарығында тұрақтылықты қайтаруға талпыныс жасауға итермеледі.

9 сәуірде ОПЕК+ тобының мұнай өндірісін 10 млн баррельге төмендету туралы тоғызыншы отырысынан кейін осы топқа мүше 23 ел кеше кешке, 12 сәуірде бейнеконференция арқылы өткен оныншы отырыста мұнай бағасын арттыру мақсатында 2020 жылдың мамыр және маусым айларындағы өз өндірісін 9,7 млн баррельге азайтуға келісті. Бұл көлем әлемдегі мұнай сатылымының 10 пайызын құрайды.

Мұнай өндірісінің төмендеуі мұнай бағасының күрт түсуі мен  АҚШ мұнай өндірісінің рекордтық деңгейге құлдырауымен АҚШ Президенті Дональд Трамптың мұнай өндіруші елдерге қысымы салдарынан орын алды.

Шикі мұнай бағасы түскеннен кейін ең ірі өндірушілер АҚШ пен Канаданың тақтатасты мұнай өндірісінің экономикалық тиімділігі азайды. Сол себепті Трамп жұма күні АҚШ-тың ірі мұнай компанияларының басшыларымен кездесуінде мұнай бағасының төмендеу үдерісін тоқтатуға уәде берді. Мұнай бағасының төмендеу үдерісінің жалғасуы осы компаниялардың банкротқа ұшырауына себеп  болады. Мұнай бағасының төмендеуі қазірдің өзінде бұл компанияларға орасан зор зиян тигізді.

Коронавирус таралып, әлемде миллиардтаған адамның карантинге түсуіне байланысты соңғы апталарда әлемде мұнайға сұраныс күніне шамамен 35 млн баррельге азайды.

ОПЕК+ келісімі мұнай бағасының одан ары түсуіне тосқауыл болып, оның қайта өсу үдерісін бастауы ықтимал, бірақ ұсыныстың сұраныстан жоғары болу мәселесін толық шеше алмайды.

Мұнай нарығы сарапшыларының айтуынша, мұнай бағасының күрт түсуі мұнайлы елдердің экономикалық тұрақтылығы мен АҚШ-та  тақтатасты мұнай өндірісінің жалғасуына қауіп төндірді. Бұл мәселе Вашингтонның қатты алаңдаушылығын тудырып отыр. Дональд Трамп бір жағынан мұнай бағасының төмендеуін қолдайды, өйткені бұл америкалық тұтынушыларға жақсы. Нәтижесінде 2020 жылғы президенттік сайлауда оған оң дауыс беріледі. Екінші жағынан мұнай бағасының төмендеу үдерісінің жалғасуы АҚШ-тың тақтатасты мұнай өндірісін банкротқа ұшыратуы мүмкін. Трамп мұнай соғысында АҚШ-тың басты зиян шегуші болуы мүмкін екенін түсініп, Мәскеу мен эр-Рияд арасында араағайын болып, осы екі ел басшыларымен байланыс орнатуға тырысып жатыр.

АҚШ Президенті ОПЕК+ тобының жексенбі күнгі келісімін қолдады. Трамп Twitter-дегі жазбасында: «ОПЕК+ тобымен ірі мұнай келісімі жасалды. Бұл келісім АҚШ-тың энергетика саласында жүздеген мың жұмыс орнының сақталуына септігін тигізеді»,-деп жазды.  

Бұл келісімге қарамастан, әлемде коронавирустың таралуының жалғасуына байланысты мұнай нарығында ұсыныстың көптігі бұрынғыдай мұнай бағасының төмендеуіне теріс әсерін тигізе береді.