АҚШ санкциялары – Иранға медициналық көмек көрсету жолындағы кедергі
(last modified Wed, 15 Apr 2020 11:26:33 GMT )
Сәу 15, 2020 17:26 Asia/Almaty
  • АҚШ санкциялары – Иранға медициналық көмек көрсету жолындағы кедергі

Иранға арналған халықаралық көмек директоры АҚШ санкцияларының Иранға гуманитарлық көмек жіберуді қиындатқанын мәлімдеді.

 

Associated Press-тің мәліметінше, Иранға арналған халықаралық көмек директоры Оливьер Вандекастиле АҚШ санкцияларының Иранды коронавирустың таралуына қарсы күреске қажет медициналық құралдармен қамтамасыз етуге теріс әсер етіп жатқанын растап: «Бұл санкциялар халықаралық компаниялардың Теһранмен заңды мәміле жүргізуіне күдіктенуге себеп болып отыр. Иранға көмек көрсетудегі негізгі проблемалардың бірі барлық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектің елге жеткізілуіне сенімді болу үшін   санкцияларға қатысты құқықтық мәселелерді анықтауда»,- деді.  Иранға қарсы «АҚШ санкциялары желісінің сәулетшісі» ретінде танымал Ричард Нефью де жексенбі күні The Los Angeles Times газетіне берген сұхбатта санкциялардың компаниялар, топтар мен мемлекеттердің Иран мен санкция салынған басқа елдерге гуманитарлық көмек жіберуге қорқуға әсер ететінін мойындады.