АҚШ ДДСҰ-на қаржылай көмегін тоқтатты
(last modified Wed, 15 Apr 2020 14:30:25 GMT )
Сәу 15, 2020 20:30 Asia/Almaty
  • АҚШ ДДСҰ-на қаржылай көмегін тоқтатты

Трамп ДДСҰ-ның бюджетіне қаржылай көмекті тоқтату туралы қоқан-лоққысынан бірнеше күннен кейін АҚШ-тың қаржылай көмегін тоқтатқанын ресми түрде жариялап: "Бұл ұйым өзінің негізгі міндетін орындай алмады», - деген уәж айтты.

Трамп Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымын коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайды кешіктіріп жариялады деп айыптап: «Бұл кешіктіру коронавируспен күресу үшін қажет құнды уақыттан айырылуға себеп болды»,- деді. АҚШ Президенті шешімді АҚШ-та коронавирустың таралуынан бері ДДСҰ-мен қарама-қайшылықтары басталған жағдайда қабылдады.  COVID-19 вирусына қате саясат ұстанғаны үшін АҚШ қоғамының сынына тап болған Трамп  ДДСҰ-н кінәлі көрсетіп, Қытайды айыптап, өзіне қатысты сынды азайтуға талпынуда. Бұл салада АҚШ Президенті біріншіден Қытайды коронавирусқа қатысты нақты мәліметтерді жасырып, оларды өзгертумен,  содан соң ДДСҰ-н Қытайды қолдап, коронавирусқа қарсы хабарды кеш жариялаумен айыптады. Бірақ ДДСҰ-ның басшылары бұл уәждерді қабылдамады. ДДСҰ Бас директорының кеңесшісі ұйым мен Қытай арасындағы қатынасты қорғап: «Коронавирустың таарлуының бірінші кезеңінде кез келген мәліметке ие болу маңызды болды. Бұл тақырыпты түсіну үшін Қытаймен ынтымақтастық жасадық. Коронавирусты жұқтырған адамдарының саны жоғары Испаниямен де осындай жұмыс жасадық. Сондықтан олардың Қытайға еш қатысы жоқ»,- деді. Бүгінде Трамп ДДСҰ-на жіберілетін АҚШ-тың қаржылай көмегін тоқтатып, ұйымға қарсы қысымды арттыруға күш салып жатыр. АҚШ Президенті бұдан бұрын да кейбір халықаралық келісімдерді бұзып, ЮНЕСКО мен БҰҰ Адам құқығы сияқты ұйымдардан шықты. Ол біржақты саясатын жалғастырып, қазіргі жағдайда АҚШ-тың қоғамдық пікірін өзінің қате әрекеттерінен бұрмалап, ДДСҰ-ның қазіргі басшысын отставкаға кетуге мәжбүрлемек. АҚШ Өкілдері Палатасы Барлау комитетінің басшысы Адам Шифф Трамптың бұл әрекеті туралы: «Трамп әдеттегідей қоғамдық ой-пікірді өз сәтсіздіктерінен алшақтатуға талпынуда»,- деді. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш: «ДДСҰ-на қолдау көрсету керек. Өйткені бұл ұйым COVID-19 вирусына қарсы әлемдік күрестің алдыңғы шебінде»,- деп қуаттады. АҚШ Президентінің әрекеттері оның әлемдік қауымдастықтың саулығы мен мүддесіне немқұрайдылық танытатынын көрсетті.