Трамп Қытайды тағы айыптады
COVID-19 пандемиясы басқа елдерге қарағанда АҚШ халқын нысанаға алып отыр. Трамп үкіметінің бұл саладағы кеш бастаған әрекеттері мен АҚШ президентінің қателіктері елдің халқының көбінің наразылығына себеп болды.
Коронавирусқа қарсы әрекеттері үшін сынға ұшыраған АҚШ басшылары, әсіресе Дональд Трамп өткен апталарда Қытай мен ДДСҰ-на сөзбен шабуыл жасады. Олар Қытайдың коронавирус таралуының басталуына қатысты мәліметтеріне күдік білдіріп, оны қате деп атады. АҚШ президенті тіпті ДДСҰ-ның Қытайдың коронавирус туралы шынайы мәліметтерін жасыруына келіскенін айыптап, қаржылай көмекті тоқтатумен қорқытып, өткен сәрсенбі күні қоқан-лоққысын іске асырды. Коронавируспен күрес саласындағы үкіметінің жұмысы үшін көптеген сынмен бетпе-бет келген Трамп АҚШ-тағы апатты ақтау үшін әртүрлі сылтау келтіріп жатыр. Бұл салада АҚШ Президенті Қытайды тағы айыптап, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны АҚШ-тан көп екені туралы уәж айтты. АҚШ-тың Қытай тарапынан қате мәлімет берілгені туралы уәжі еш уақытта дәлелденген жоқ және Трамптың уәждерін не нәрсеге сүйеніп айтатыны белгісіз. Трамптың айыптауы Қытайдың реакциясына себеп болды. Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл елде коронавирустың таралуы жөнінде ешбір мәліметтін жасырылмағанын, өйткені үкіметтің жасыруға еш уақытта рұқсат етпейтінін қуаттады. ДДСҰ: «Қытайда тіркелмеген науқастың қалмауына сенімді болу үшін коронавирус құрбандары қайта саналды. Жұма күні Ухань қаласындағы коронавирус құрбандарының жалпы саны 1290 адамға артып, 3869 адамға жетті»,- деп мәлімдеді. Трамп коронавирустың таралуының алдын алу үшін оның Қытайдың әуе рейстеріне тыйым салу секілді шарасының маңызды рөл атқарғаны жөнінде уәжденіп: «Мен мыңдаған адамның өмірін құтқару үшін ДДСҰ-ның қытайлықтардың АҚШ-қа сапар шегуіне тыйым салмау ұсынысына қарсылық білдірдім»,- деді. Трамптың Қытайдан келетін әуе рейстеріне тыйым салуы мен мыңдаған америкалық азаматтың жанын сақтап қалғаны туралы мөлшерден артық қуаттаған сөзі сенім ұялатпайды. Өйткені халықаралық сапарларға тыйым салу коронавирустың таралу жылдамдығын төмендете алады. Трамптың Қытайды айыптап, ДДСҰ-на бөлінетін қаржылай көмегін тоқтатуы үкіметінің коронавирусқа қарсы күресінің жеткіліксіздігін ақтау мақсатында жасалуда.