ДДСҰ коронавирустың таралуына қатысты тағы ескерту жасады
Сәу 21, 2020 19:09 Asia/Almaty
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы коронавирустың ең жаман жағдайының әлі болмағанын ескертті.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Тедрос Адханом дүйсенбі күні ДДСҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз конференциясында Covid-19 пандемиясының салдарларына тоқталып: «Ең жаман оқиғалар әлі алда. Бізге сеніңдер. Ең жаманы әлі алда. Апаттың алдын алайық. Бұл – көп адамдар әлі түсінбейтін вирус»,- деді.
Қазіргі уақытқа дейін 2 миллион 500 мыңнан астам адам Covid-19 жұқтырды. 170 мың адам қаза тапты.
Тегтер