Трамп ирандық "Нұр" жерсерігінің сәтті ұшырылғанына реакция білдірді
(last modified Thu, 23 Apr 2020 11:59:38 GMT )
Сәу 23, 2020 17:59 Asia/Almaty
  • Трамп ирандық

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні ирандық "Нұр" жерсерігінің сәтті ұшырылғанына реакциясында: «Вашингтон Иранды жақыннан бақылауда ұстап отыр»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ-та коронавирустың таралуына қатысты күнделікті баспасөз отырысында америкалық кемелерге жақындаған жағдайда ирандық моторлы қайықтарға оқ атуға бұйрық берілген себебі туралы сұраққа жауап беріп, ирандық моторлы қайықтардың күш-қабілетін мойындап: «Оларда көңіл аударуға тұрарлық мықты қару-жарақтар бар»,-деді.

ИИР Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы шетелдік әскери кемелер мен ұшақтарды бақылап отырудың Иранның хақы екенін, бұл ел теңіз және әуе кеңістігіне қол сұққан жағдайда оларға халықаралық заңдарға сәйкес қатынас көрсетілетінін талай рет мәлімдеді.

 

Тегтер