Түрлі қауесет таралып жатқан шақта Солтүстік Корея басшысының екінші хаты жарияланды
(last modified Mon, 27 Apr 2020 10:43:47 GMT )
Сәу 27, 2020 16:43 Asia/Almaty
  • Түрлі қауесет таралып жатқан шақта Солтүстік Корея басшысының екінші хаты жарияланды

Солтүстік Кореяның Rodong Sinmun ресми газеті осы ел басшысы Ким Чен Ынның хаттары мен сөзін жариялауын жалғастырып, бүгін дүйсенбі күні Ким Чен Ынның екінші хатында Унсон шығыс айлақ қаласының жұмысшыларына алғыс айтқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын 2018 жылдың мамыр айында Унсан-Калма жағалауындағы туризм аймағында демалыс және ойын-сауық кешенінің құрылысын көріп, ел азаматтары үшін әлемдік деңгейдегі демалыс орнын салуды тапсырған болатын.

Ким Чен Ынға тиесілі саналатын Facebook парақшасы бүгін, дүйсенбі ешқандай жазбасыз фото жариялады. Онда Ким Чен Ын бір суық аймақта атқа мініп жүр. Бұл оның әлі тірі екенін, қайтыс болғаны туралы қауесеттердің жалған екенін көрсетеді.