Ұлыбритания Парламентінің мүшелері Израильге санкция салуды сұрады
Ұлыбритания Парламентінің 120-дан астам қазіргі және бұрынғы мүшелері сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алу әрекетіне реакция білдіріп, Израиль режиміне санкция салуды сұрады.
"Middle Station" ақпарт арнасының мәліметінше, Британия Парламентінің әртүрлі партияларының, солның ішінде консервативтік партияның 127 бұрынғы және қазіргі мүшелері жұма күні елдің Премьер-министрі Борис Джонсоннан сионистік режимге Иордан өзенінің батыс жағалауының бөлімдерін басып алынған жерлерге қосу жобасын іске асырған жағдайда санкция салуды сұрады. Хатқа қол қойғандар Джонсоннан сионистік режимнің халықаралық заңдарға қайшы жобасына санкциялар салу туралы ұстаным білдіруді сұрады. Хатта сондай-ақ, әлемдік қоғамның палестиналықтардың құқықтарын қорғау міндеті қуатталды. Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху мен оппозициясының басшысы Бенни Ганц Иордан өзенінің батыс жағалауының бүкіл қалашықтары мен Иордан алқабын басып алынған жерлерге қосу туралы келісімге қол қойды. Жақын арада бұл жерлердің тағдыры Израиль Парламентінде дауысқа салынады. Палестиналық топтар бұл шешімнің сионистер үшін қауіпсіздік салдарлары жөнінде ескертті.
Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас та АҚШ пен Израильге палестиналық жерлердің жаңа бөлімдері басып алынған жерлерге қосылса, барлық келісімдердің күші жойылатынын ескертті.