Иранмен қарым-қатынасты кеңейту – Тәжікстанның сыртқы саясатындағы басты басымдық
Maм 07, 2020 17:48 Asia/Almaty
ИИР Президенті Хасан Рухани Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сұхбатында екі елдің тарихи, діни және мәдени ортақтықтары мен достық қарым-қатынасына тоқталып, екі халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін екіжақты әріптестікті одан ары кеңейту қажеттігін қуаттады.
Рухани Иранның коронавирусты анықтайтын түтікшелер және осы вируспен күресуге қажет жабдықтарды жасаудағы табыстарына тоқталып: «Иран хал-қадірінше Тәжікстанды коронавируспен күресуге қажет заттармен қамтамасыз етуге дайын»,-деді.
Тәжікстан Президенті де Иранның коронавируспен күрестегі жетістіктерін мадақтады.
Тегтер